Қазақстанның жаңа президентінің мәдениет пен әлеуметтік салалардағы бір жылдық қызметіне шолу

Қазақстанның жаңа президентінің мәдениет пен әлеуметтік салалардағы бір жылдық қызметіне шолу

  Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз лауазымына кіріскеніне шамамен бір жыл толды. Ол 2019 жылы ұлықтау рәсімінде былай деді: «Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл беруге, ҚР Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін  адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін».

  Президент жұмысының басында-ақ азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жете мән беретінін көрсетіп, әлеуметтік саясат стратегиясын өзгертуді, көптеген этностар тұратын, жер аумағы бойынша әлемдегі 10 мемлекеттің бірі - Қазақстанның әлеуметтік және мәдени жүйесін нығайтуды, жас ұрпақты қолдауды күн тәртібіне қойды.

   Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейін Орталық Азия елдері арасында ең дамыған және тұрақтылыққа ие мемлекет болып табылады. Мұнай мен газ, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түсетін табыс және батыс елдерімен тығыз қарым-қатынас арқасында Қазақстан соңғы жылдары экономикалық дамуға қол жеткізіп, халықтың материалдық тұрмысын жақсарта білді. Бұл әлеуметтік және мәдени тұрақтылыққа жол ашты. Себебі кедейшілік пен тұрмыс-тауқыметі қоғамның мәдени және әлеуметтік салаларда дамуына кері әсерін тигізеді, тіпті дамуға жол бермейді.

   Қазақстанның бұрынғы үкіметінің оңтайлы саяси және экономикалық стратегиясы, «Нұр-Отан» партиясының (Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы) Парламент пен үкіметтегі басымдығы, «Тұған жер» секілді бағдарламалар жеке және әлеуметтік еркіндіктерге жол ашты, азаматтардың құқықтарын кеңейтті. Әрине, Қазақстанның мәдени ортасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне кедергі жасау, сөз бостандығына шектеу қою мәселелеріне ие.

   Жалпы алғанда, бір елдің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығына әкономикалық, әлеуметтік, мәдени және қауіпсіздік стратегиясы әсерін тигізеді. Осы жерде әлеуметтік және мәдени факторлар аса маңызды. Қазіргі таңда мәдени дипломатияның ықпалдылығына байланысты оны жұмсақ күш деп те атайды. Себебі, мәдениет болмыс пен құндылықтар және т.б. арқылы қоғамда елеулі ықпалға ие.

    Мәдени және әлеуметтік стратегия дегеніміз қоғам мүшелерімен ортақ тіл табу, оларды қоғам жұмыстарына тарту, жұмылдыру. Демек, маңызды мәдени стратегиялардың бірі қоғамдық пікірге, тіпті өзге елдер тұрғындарына ықпал ету үшін тиісті механизмдер әзірлеу, мәдени құралдар мен әлеуетті пайдалану.

Түрлі дәлелдерге байланысты ҚР Президентінің бір жылдық қызметінің мәдени және әлеуметтік саясатына баға беру әлі ерте секілді, алайда азаматтардың құқықтарын қорғау, жеке және әлеуметтік еркіндікке құрмет көрсету, әлеуметтік молшылық орнату бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

    «Covid-19» пандемиясының кең тарауы әлем елдерінің өз тұрғындарымен, тіпті өзге елдер халықтарымен экономикалық және мәдени байланысын жаңа бағытқа бұрды. Отбасыларды қаржылай қолдау, денсаулық сақтау саласын басқару, халық көп тұтынатын тауарларды қамтамасыз ету, коронавирустың тарауына жол бермеу үшін шекараны қорғау стратегиясы, карантинді толық сақтауды іске асыру түрлі мемлекеттердің азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік молшылыққа қол жеткізуін қолдауын бағалауға жаңа сынақ болды. Осындай сындарлы кезеңде халықтың әлеуметтік ризашылығы үшін талпыныс жасаған елдер өз қоғамының үмітін еселеді. Қазақстан карантин кезеңінде нақты экономикалық және әлеуметтік саясат, оның ішінде жәрдемақы төлеу, тұрғындардың жүріс-тұрысын бақылау, денсаулық сақтау саласына жете мән беру саясатын ұстанып, қатерлі індеттің таралуына жол бермеуде нәтижелі жұмыс істеді. Сондықтан коронавирустан азырақ зардап шекті.

      Бұдан өзге, қоғамдық сенімге ие болу мақсатында қазіргі үкіметтің мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы төмендегі іс-шаралары алдағы жылдары қоғамның мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларында табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді:

  • көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмектер беру;
  • табысы төмен отбасыларды қолдау, оларға кепілдендірілген көмек беру;
  • балабақшадағы балаларды тамақ және қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
  • мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақ, оқу құралдары және киім-кешектермен қамтамасыз ету, олардың қоғамдық көліктермен мектепке барып-келуі шығындарын төлеу;
  • жетім және қорғансыз қалған балаларды әлеуметтік қорғауды күшейту;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету жүйесін нығайту және т.б.

Әрине, бұл шаралар қазақ қоғамына жаңа күш-қуат бергенімен, Қазақстан халқының күн сайын өсіп отырған барлық талап-тілектерін қанағаттандыра алмайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен аймақ тұрақтылығы үшін күрес аясында қазіргі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени жағдайды ескеріп, өз елінің ұлттық және аймақтық әлеуетін тиімді қолданып, жаңа демократиялық қадамдарымен мәдениет пен әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында Қазақстанды аймақтағы көшбасшы елге айналдырады деп сенемін.

   Иран мен Қазақстанның өзара байланысы негізінен екі елдің көптеген ортақтықтарына негізделген. Большевиктердің 70 жылдық билігі кезінде осы мәселеге соққы берілді. Қазақстан тәуелсіздік алған соң екіжақты байланысты қалпына келтірудің жақсы жолы болған осы ортақтықтар қазіргі уақытта екі ұлтты одан әрі жақындастыра түсуде.

     Қазақстанның қазіргі үкіметі екі ел халқының мәдени ортақтықтарының әлеуетін қолдана отырып, Қазақстан мен Иран халықтары достығының одан әрі нығая түсуіне жол ашады деп күтіледі.

    Қазақстанның жаңадан тағайындалған құрметті Президенті мен Қазақстанның өркениетті халқына даму мен табыстар тілеймін.

Мұстафа Ростами, 

Мазендеран (Иран) университетінің профессоры,

ғылым докторы