
2023 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі - Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай бастаған Қазақстан делегациясы Әзербайжанның Баку қаласында орын алған ЭЫҰ Аға лауазымды тұлғаларының (АЛТ) отырысына қатысты. АЛТ отырысы барысында 2023 жылғы 10 қазанда Әзербайжанның Шуша қаласында өтетін ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-ші отырысының күн тәртібі қаралды және дайындалды.