
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Қазақстан Республикасының ЭЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Асхат Оразбай 2023 жылғы 2 қазанда Тегеранда ЭЫҰ Хатшылығымен ұйымдастырылған Тұрақты Өкілдер Кеңесінің 280-ші отырысына қатысты.
Кеңес ЭЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың бірнеше мәселелерін, соның ішінде биылғы жылы өтетін ЭЫҰ-ның 16-шы саммиті мен Министрлер Кеңесінің 27-ші отырысына дайындықты қарастырды.