Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

   

   2020 жылғы 8 сәуір - Иран тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

     Сұхбат барысында тараптар елдеріндегі Covid-19 коронавирустық инфекцияға қатысты жағдайды, сондай-ақ оның таралуына қарсы күрес шараларын талқылады.

    Тараптар сондай-ақ көлік-логистикалық транзит мәселелерін талқылап, жүк тасымалын кедергісіз жүзеге асыруды сақтау қажеттігіне назар аударды.