
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 143 қаулысымен Үндістан Республикасының азаматтары үшін енгізілген Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Бұл шара Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған. Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2020 жылғы 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
№143 от 27.03.2020г.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының
26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин