
Бұл сот жүйесі туралы негізгі ақпараттар жинағы.
Оны оқи отырып, кез келген адам қалаған уақытта сот жүйесінде не болып жатқанын көре алады. Әрі ол үшін оның ешқандай кеңестерге қатысып, ресми сұраулар салу міндетті емес.
Жинақ мерзімді түрде жаңартылып отырады, жарты жылда кемінде 1 рет.
ЖС Төрағасы Жақып Асанов 2019 жылдың қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген кеңесте: «Сот төрелігінің жеті түйінін» көбі жиі естіп жатады. Бірақ олардың нәтижелері қандай болғанын және бола да беретітін білетін адамдар аз. Судьялар үшін ғана емес, сонымен қатар адамдар мен бизнес үшін. Сот төрелігінің сапасы туралы өткір және жүйелі сұрақтарға жауап беру үшін біз бір өнімді, яғни сот жүйесі туралы негізгі ақпараттардың заманауи жинағын құруды жөн көрдік. Оның негізінде сот жүйесін ашық ету қағидаты бар, - деді.
Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі» жинағына сілтеме: https://sud.gov.kz/sites/default/files/pagefiles/sbornik_kaz.pdf
Қайнар: Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі