
2022 жылғы 20 қарашада таңғы сағат 07:00-де Қазақстанның Ирандағы елшілігі жанындағы №252 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының президенттік сайлауы Қазақстан Республикасының әнұранымен салтанатты түрде ашылды.
Сайлаушылар үшін осы сайлау учаскесінде қойылған стендтерде Қазақстан президенттігіне кандидаттар және олардың бағдарламалары туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлеген мәліметтер, дауыс беру тәртібі, сайлау бюллетенін дұрыс белгілеу, сайлау тәртібін бұзушылықтың құқықтық салдарлары жөніндегі және т.б. ақпараттар ілінді.
Сонымен қатар, Иранда жұмыс істеп жүрген Қазақстанның азаматтары (кеншілер) үшін заңнамаға сәйкес олардың өтініштері негізінде сайлау учаскесінен тыс жерде (ИИР Күрдістан провинциясының Ғорве елді мекеніне жақын жерде, Тегераннан шамамен 450 шақырым қашықтықта) сайлау өткізілуде.
Дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін учаскеде берілген дауыстар саны саналып, нәтижесі жарияланатын болады.