
2020 жылғы 21 қаңтарда ҚР-дың Ирандағы Елшлігінің делегациясы Солтүстік Хорасан провинциясының әкімшілік орталығы – Божнұр қаласына сапар шекті. Бұл сапар ҚР Елшісі А.Оразбай мен Провинция губернаторы М.Шоджаи жасаған уағдалатықтың негізінде ұйымдастырылды.
Сапардың басты мақсаты провинцияның мүмкіндіктерін зерттеу және Қазақстанның өңірлерімен ынтымақтастық орнату үшін ықтимал бағдарларды табу болды.
Сапар аясында провинция басшылығымен және белсенділерімен, Солтүстік Хорасанның Сауда-өнеркәсіп палатасының және бизнес өкілдерімен кездесулер өтіп, Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті таныстырылды. Сондай-ақ делегация Божнұр қаласынындағы Еркін экономикалық аймағында орналасқан өңірдің жетекші кәсіпорындарын аралады.
Провинция басшылығымен өткен кездесу барысында Солтүстік Хорасан губернаторы М.Шоджаи ауылшаруашылық, өндіріс, инвестиция, туризм салаларында ынтымақтастықты дамыту және өзара сауданың көлемін арттыру мақсатында Қазақстан өңірлерімен байланыс орнатуға жоғары қызығушылығын білдірді.
Еркін экономикалық аймақты аралау барысында «Granuleiran» (резінді қайта өндіріп, резін гранулаларын шығарады) және «Sabok Sazan Shargh» (газоблоктарды шығарады) компаниялары өз кәсіпорындарының аналогтарын Қазақстанда ашуға мүдделі екендіктерін танытты.
Қазақстандық дипломаттар ҚР палуандарының қатысуымен өтетін дәстүрлі «Зурхане» Иран күресінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.