
Ү.ж. 29 қыркүйекте Қазақстаның Ирандағы Елшісі – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Асхат Оразбай ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозириді Қазақстан Елшілігінде қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЭЫҰ арасындағы ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды.
Сонымен бірге, Елші мен Бас хатшы ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдер кеңесінің және ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырыстарына дайындық барысын талқылады.