Қазақстанның Ирандағы Елшілігі жанындағы референдум учаскесінде дауыс беру мемлекеттік әнұранымен басталды

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі жанындағы референдум  учаскесінде дауыс беру мемлекеттік әнұранымен басталды

2022 жылғы 5 маусымда Тегеран уақытымен таңғы сағат 07:00-де Қазақстанның Ирандағы Елшілігі жанындағы №252 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум Қазақстанның әнұранымен салтанатты түрде басталды.

Дауыс берушілердің танысуы үшін осы референдум учаскесінде қойылған стендтерде Қазақстан Республикасының референдум жөніндегі заңы, Қазақстанның демократиялық сайлау мен референдум саласындағы халықаралық міндеттемелері, Қазақстанның Орталық референдум комиссиясы әзірлеген референдум жөніндегі туралы мәліметтер, дауыс беру тәртібі, бюллетенді дұрыс белгілеу, референдум өткізу тәртібін бұзушылықтың құқықтық салдарлары және т.б. ақпараттар ілінді.

Сонымен қатар, Иранда жұмыс істеп жүрген Қазақстанның азаматтары (кеншілер) үшін заңнамаға сәйкес олардың өтініштері негізінде референдум учаскесінен тыс жерде (ИИР Күрдістан провинциясының Горбе елді мекеніне жақын жерде, Тегераннан шамамен 450 шақырым қашықтықта) Елшілік дауыс беру үшін жағдай жасалды.

Дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін учаскеде берілген дауыстар саны саналып, нәтижесі жарияланатын болады.