Қазақстан елшісі А.Оразбай IRNA-ның басқарушы директоры Ә.Надеримен кездесті

Қазақстан елшісі А.Оразбай IRNA-ның басқарушы директоры Ә.Надеримен кездесті

     2021 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Иран Ислам Республикасының ақпараттық агенттігінің (IRNA) басқарушы директоры Ә.Надеримен кездесті.

     Екі жақты кездесуде өзара тығыз қарым-қатынастар және медиа саласында жемісті ынтымақтастық орнату мәселелері сөз болды.

     Елші А.Оразбай Қазақстан-Иран екіжақты саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму барысын, Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болуы осы ұйым мен мүше мемлекеттерге тиімді болатынын, сондай-ақ екі елдің БАҚ-тарының өзара ықпалдастығын арттыру маңыздылығын атап көрсетті.

     Өз кезегінде, Ә.Надери өңірдегі Қазақстанның ерекше рөліне тоқталып, ИРНА-ның кеңсесін осы елде ашуға ниет білдірді.