Қазақстан-Иран іскерлік форумы өтті

Қазақстан-Иран іскерлік форумы өтті

      2021 жылғы 11 қазанда Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасында Қазақстан-Иран іскерлік форумы өтті.

      Бизнес-форумда 12 қазақстандық компания машина жасау, азық-түлік, фармацевтика және құрылыс материалдары өнімдерін ұсынып, өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Иран Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасында Қазақстан-Иран іскерлік форумын ашқан Қазақстан Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев өткен жылы пандемияға байланысты шектеулер өзара саудаға теріс әсер етіп, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда көлемі 37%-ға дейін төмендегенін, бірақ, қазір биылғы жылдың сегіз айындағы екіжақты сада көлемі өткен жылғы жалпы тауар айналымынан асып түскенін атап өтті. Вице-министр Қ.Төребаев бұл біздің елдеріміздің сауда әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді деді

     Мұндай сараптама металлургия, тамақ, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі саласындағы қазақстандық тауарлардың Иранға экспортын 162,3 миллион долларға ұлғайту мүмкіндігін көрсетеді. Еркін сауда аймағы толық келісімге айналады. Елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне және екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың өсуіне Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолының жұмысы ықпал етеді. Бұл теіржол 10 миллион тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Осы жол арқылы Иран Ресей мен Қытай нарығына шығуға, ал Қазақстан өз кезегінде Парсы шығанағының барлық елдеріне шығуға мүмкіндік алады. Бұл магистраль екіжақты және өңірлік сауда -экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыруға оң әсер етті. «Қазақстан Республикасының Ирандағы елшісі А.Оразбай атап өткендей, осы іскерлік форумға ирандық кәсіпкерлердің қатысуы олардың қос ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен қызығушылық танытатынын көрсетеді

       Ирандық инвесторлар өткен жылы Қазақстан экономикасына 4,3 миллион доллар тікелей инвестиция салды. Бұл көрсеткіш осы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 миллион долларды құрады. Көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, жақында Ақтау портындағы Ябин порты мен Қазвин сауда палатасы арасында коммерциялық-логистикалық кешеннің құрылысына келісімшарт жасалды. Ол сондай –ақ Қазақстан Иран мен Ресей арасында бидай саудасы туралы меморандумға қол қойылғанын, бұл Қазақстан елдеріне бидайды импорттауға, транзитке және уақытша алмастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл механизм мүмкіндігінше қолданылуы керек. Қазақстан тарапы екіжақты ынтымақтастықты барынша нығайту үшін барлық қажетті тетіктер бар және ең бастысы екі ел басшыларының күшті саяси ерік-жігері бар екеніне зор мән берді

      Іскерлік форум соңында қазақстандық және ирандық компаниялар келіссөздер жүргізіп, уағдаластықтарға қол жеткізді