Қазақстан елшісі А.Оразбай «Tehran times» газетінің бас редакторы Ә.Дженабзадемен кездесті

Қазақстан елшісі А.Оразбай «Tehran times» газетінің бас редакторы Ә.Дженабзадемен кездесті

     2021 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Tehran times» газетінің бас редакторы Ә.Дженабзадені қабылдады.

     Кездесу барысында Қазақстан басылымдары мен аталған газет ынтымақтастығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлері министрлерінің 6-шы кездесуін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

     Сонымен қатар, Ә.Дженабзаде 2021 жылғы 10-13 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласына пресс-тур сапары барысында «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің, сондай-ақ «Egemen Qazaqstan», «Аiqyn» және өзге де ҚР беделді БАҚ-тарының басшылықтарымен кездесуге қызығушылық танытты.