
2021 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Асхат Оразбай Иранның Коммерциялық, өнеркәсіп, таукен, сауда және ауылшаруашылық палатасы төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Мохаммад Реза Карбасимен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты 2021 жылғы 10-13 қазан аралығында өткізуге жоспарланып жатқан Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасына Сауда миссиясын ұйымдастыру мәселелерін талқылау болды. Сауда миссиясының аясында 40-тан астам қазақстандық және 150-ден аса ирандық компанияларының қатысуымен Қазақстан-Иран бизнес форумын өткізу көзделуде.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі басшылығы өкілінің жетекшілігімен өтеді деп күтіліп жатқан Сауда миссиясы Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің қолдауымен «ҚазТрейд»
АҚ-мен және Иранның Коммерциялық, өнеркәсіп, таукен, сауда және ауылшаруашылық палатасымен бірлесіп ұйымдастырылмақшы.