
2021 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай ИИР СІМ Бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік департаментінің бас директоры Р.Наджафимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иранның халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) шеңберіндегі қарым-қатынастары талқыланды.
Сонымен қатар, сұхбат кезінде 2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне Иран тарапының қатысу мәселелері қозғалды.