
Ұлы Жаратушының атымен
Қазақстан Президенті Қасым Жұмарт Тоқаев мырзаның ҚР Парламенті палаталарының біріккен сессиясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы соңғы жылдардағы бұрынғы үндеулерден айтарлықтай ерекшеленді.
Жолдауда Қ.Тоқаев мырза Қазақстанның саяси, экономикалық, қауіпсіздік, мәдени және әлеуметтік стратегиясын айқындады. Стратегияға сәйкес, Қазақстан халықаралық стандарттарға негізделген жаңа даму құрылымы мен өнеркәсіптік инфрақұрылым құруда. Қазақстан экономикалық, саяси және қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ең қуатты ел болып саналады.
Қ.Тоқаевтың Жолдауында бірқатар маңызды мәселелер қамтылған:
1. Біріншіден, қазақ қоғамының тіршілігі мен тұрмысына қамқорлық жасау;
2. Әр түрлі діндер мен тілдердегі этникалық топтар арасында ұлттық татулықты және тұрақтылық пен бірлікті қалыптастыру;
3. Елдің өндірістік инфрақұрылымы мен технологиясын дамыту;
4. Өңірлік және жаһандық дипломатияны дамыту;
5. Орталығы Қазақстан болып табылатын өңірде Еуразиялық технологиялық желі құру.
Мұндай жағдайда Қазақстан мемлекеті өркендеу бағытына жолға түсіп, қысқа мерзімде дамуға бет түзейді. Құқық пен өмір сүру сияқты қоғамның қажеттіліктерін шешу, электр энергиясына, бейбіт атомды даму қажеттілігін шешу және зиянды энергияны пайдаланудан бас тарту, қоршаған ортаға назар аудару, ең бастысы цифрлық тіршілік қалыптастыру және сыртқы әлем мен дамыған елдермен ынтымақтастық пен үйлесім үшін барлық әлеуетті пайдалану сияқты мәселелер халықтың әл-ауқатын арттыру үшін көп көңіл бөлінген мәселелер болып отыр.
Қ.Тоқаев мырзаның Жолдауында шын мәнінде Қазақстан дамуының кең аясы қамтылып көрсетілген. Ол мемлекеттік шығындарды азайтумен қатар, үкіметтің жауапкершілігін қысқартуға, істерді халыққа және үкіметтік емес секторға беруді кеңейтуге ниетті, бұл іс жүзінде үкіметтің меншігін азайтады. Халық пен элита үкіметпен істерді басқаруда және саясатты құруда ынтымақтасады, бұл - Қазақстандағы демократия мен құқықтық бостандықтардың үлгісі.
Қазақстанның көршілес елдері экономикалық, қауіпсіздік пен этникалық дағдарысқа тап болған осындай жағдайда, Қазақстан ұлттық біртұтастығымен, бірлігімен елдің жан-жақты дамуына нық қадамдар жасап жатыр, бұл - Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаев мырзаның ұмтылысы және ол кісінің жолын Қ.Тоқаев мырзаның жалғастыруының көрсеткіш-нәтижесі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени, партиялық құрылымында жасалған іс-әрекеттермен бұл өңірдің басқа елдеріне үлгі болып табылады және бұл - Қазақстан үкіметі мен халқының үлкен жеңісі.
Біз Тоқаев мырзаның салиқалы саясатымен Қазақстан түрлі салаларда дамудың нық қадамдарын жасайды және Иран Ислам Республикасының өңірдегі үздік серіктесі ретінде әрекет етеді деп сенеміз.
Мирғасем Момени
Жаңа технологиялар келешегі жөніндегі халықаралық зерттеу институтының атқарушы директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы