ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ

       2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Съезд Хатшылығының XIX отырысы өтеді.

      XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:

1. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызы.

2. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін анықтау, халықтар достастығын нығайту үшін 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау.

3. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлері.

4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат жобасын талқылау.

5. Съез Хатшылығының ХХ отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.

2003 жылғы 13 ақпанда беделді діни лидерлер мен олардың христиан, ислам, иудаизм және өзге де діни сенім өкілдері қатысқан діндер, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Бейбітшілік және келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге бастама жасады.

Съез өткізу идеясын алғашқылардың бірі болып Елбасының Ватиканға сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері қолдады.

Съез атына АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Египет, Польша, Германия және ірі халықаралық ұйымдардың басшылары өз құттықтауларын жолдағандығы Қазақстанның жаңа бастамаларына деген сенімі мен жетістіктерін әлем мойындағандығын көрсетеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің миссиясы

Әлемдік және дәстүрлі діндер пішіндерінде жалпы адамзаттық бағдарларды іздеу.

Діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеуі.

Съездің негізгі басымдықтары

Адам өмірінің мызғымас қағидаттары ретінде бейбітшілікті, келісімді және төзімділікті бекіту.

Діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу.

Адамдардың діни сезімдерін қақтығыстарды ушықтыру мен әскери іс-әрекеттер үшін пайдалануға жол бермеу.

Съез міндеттері:

Болашақ дінаралық саммиттердің идеологиясы мен тұжырымдамасын үйлестірілген, объективті және сауатты дайындау үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты органын құру.

Діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған барлық халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара іс –қимыл орнату.

Зайырлы және діни БАҚ, жастар бірлестіктері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерін тарта отырып, әр түрлі мәдениет пен дін өкілдері арасындағы диалогты кеңейту.

Өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілету.

Діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету және нығайту.

  Жек көрушілік пен экстремизм идеологиясына қарсы әрекет ретінде төзімділік пен өзара сыйластық мәдениетін дамыту.

Діндер мен рухани дәстүрлердің қарама -қайшылығында көрсетілген, теологиялық дауларды одан әрі саясаттандыру, бір діннің екінші дін алдында беделін түсіру арқылы көрініс табатын «Өркениеттер қақтығысы» туралы тезистердің басым болуына жол бермеу.

            Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы - бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.

            2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.

            Съез Хатшылығының басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

            Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.