
2021 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Оразбай Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Хусрав Нозиримен кездесті.
Бұл басқосуда екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Атап айтқанда, 2021 жылғы қарашада ЭЫҰ-ға мүше-мемлекеттер бысшыларының қатысуымен өтетін XV-ші Саммитқа және оның алдында жоспарланған Сыртқы істер министрлерінің 25-ші отырысына қатысты меселелер талқыланды. Сонымен қатар, тараптар ЭЫҰ Хатшылығындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде ұйымдастыру және техникалық сұрақтары пысықтады.
Х.Нозири Хатшылықтың жаңа Бас хатшысы ретінде аталған ұйымның жұмысын ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.