Қазақстан Республикасының 2021 жылғы ұлттық санағын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы ұлттық санағын өткізу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

       Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қыркүйек-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы жүргізіледі.

       Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық сағынан өте алады.

       Онлайн-режимдегі  санаққа қатысу үшін, еңалдымен www.sanaq.gov.kz сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарын электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.