
2021 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінде «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» тақырыбымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фото экспозициясының ашылу рәсімі өтті.
Шақырылған қонақтардың арасында Ислам Республикасы қоғамының, ғылыми-білім және іскер топтарының өкілдері болды. Олардың назарына Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптарын, сыртқы саясат, экономика, спорт және мәдениет салаларындағы жетістіктерін баяндайтын фотосуреттер, сондай-ақ қазақстандық-ирандық қатынастардың басты сәттерін көрсететін фото кадрлар ұсынылды.
Іс-шараның барысында қонақтар Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті алған күннен қол жеткізген жетістіктері мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесі жөніндегі қысқа бейне ролигін тамашалады.