
2021 жылғы 29 маусымда Қазақстанның Ирандағы ЕлшісіАсхатОразбай Иран Сыртқы істер министрлігі Адам құқықтары және әйелдер жөніндегі департаменттің Бас директоры Мансуре Шарифи ханыммен кездесті.
Бұл отырыста ҚР мен ИИР арасындағы ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда,ағымдағы жылғы қазан айында өтетін 2022-2024 жылдар кезеңіне БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне (UNHRC) сайлау аясындағы мәселелерталқылынды.
М.Шарифи ҚР мен ИИР арасында қазіргі таңға дейін ынтымақтастықтың оң тәжірбиесі орын алғандығын және тараптардың бірін-бірі әрдайым қолдап келе жатқанын хабарлады. Ол UNHRC рөлінің аса маңыздылығын және бұл құрылымның жұмысына оң баға беретінін жеткізді.