«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI байқауы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI байқауы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады

    ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнап «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты кезекті халықаралық байқау ұйымдастырады.

   2014 жылдан бастап бұл байқауда қазақстандық шындық өмірдің әртүрлі жақтарын барынша креативті, сенімді және объективті түрде қамтитын материалдарды шетелдік БАҚ-тарға жариялаған шетелдік авторлар таңдалып келеді.

    Осы орайда, байқауға 2020 ж. 1 шілдесі мен 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында шетелдік БАҚ-тарда лайықты мақалалар жариялаған авторлар қатыса алады

   Құрамына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, сонымен қатар Бас редакторлар клубының президенті кіретін қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтайды.

    Барлық жұмыстар 2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірілмей жіберілуі керек

Байқау қорытындылары бойынша әлемнің 5 географиялық өңірі:

- Оңтүстік және Солтүстік Америка,

- Еуропа, ТМД және Балтық елдері,

- Таяу Шығыс және Африка,

- Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің әрқайсысынан бір бірден 5 жеңімпаз анықтау жоспарланып отыр.

Байқау жеңімпаздарына берілетін басты сыйлық – Қазақстанға баспасөз-турға қатысу. Сапарды ү.ж. 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні, сондай-ақ «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау аясында өткізу жоспарланған.

Пресс-тур бағдарламасында Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына сапар ұйымдастыру көзделген.

  Сонымен қатар, байқау лауреаттары үшін арнайы мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылармен және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен қазақстандық және шетелдік авторлар арасында ұзақ мерзімді байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға ықпал ететін кездесулер ұйымдастырылады. .

Конкурсқа қатысуға қойылатын толық талаптар мен өтініштің формасын мына сілтеме арқылы алуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/intinf/press/news/details/212652?lang=ru

 

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» конкурсына қатысу ережелері

Конкурсқа қатысуға барлық мемлекеттердің азаматтары шақырылады (Қазақстан азаматтарынан басқа);

Конкурсқа шетелдік баспа, электронды және онлайн БАҚ штаттықжәне штаттан тыс қызметкерлері қатыса алады;

Конкурсқа шетелдік БАҚ-та 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланған 300-ден 3000-ға дейінгі сөзден тұратын ақпараттық материал / ұзақтығы 2-ден 60 минутқа дейінгі телевизиялық немесе радио репортаж, подкастқатыса алады;

Егер ақпараттық материалдың тілі ағылшын немесе орыс тілі болмаса, оның сол тілдердегі немесе қазақ тіліндегі аудармасын тіркеу міндетті;

Толтырылған өтінімдерді жарияланған материалмен және оның аудармасымен мына электронды поштаға жіберу қажетcontest@mfa.kz

Материалдардың тақырыбы Қазақстанға қатысты бір немесе келесі 5 саланың бірнешеуін қамтуы тиіс: экономика және сауда, мәдениет және дәстүр, тарих, туризм, заманауи қоғам, спорт

Барлық материалдарды 2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей жіберу қажет;

Әділқазылар төмендегі аймақтардан 5 жеңімпазды таңдап алады:

- Оңтүстік және Солтүстік Америкадан;

- Еуропадан;

- ТМД және Балтық елдерінен;

- Таяу Шығыс пен Африкадан;

- Азия-Тынық мұхит аймығынан;

Конкурс қорытындысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарланған;

Жеңімпаздар Қазақстанға сапармен марапатталады. Ұйымдастырушылар эконом-класпен ұшу, қонақүйде тұру, жергілікті көлік және Қазақстандағы мәдени бағдарлама шығындарын, сондай-ақ тәуліктік шығынның шағын сомасын өтейді.