
2021 жылғы 9 маусымда Гүлстан провинциясында Қазақстанның Елшілігі мен Бас консулдығы Иранның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіпҚазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 100-ге жуық адамның қатысыумен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі спикерлері Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Оразбай, Гүлстан губернаторы Х.Хакшинас, Иран парламентінің депутаттары Г.Кухсари мен Р.СангдовиниГүлстан провинциясының этникалық мәселелер жөніндегі кеңесінің және қазақ диаспорасының мүшесі Т.Пурбеги, Иранның Сыртқы істер министрлігінің Гүлстан провинциясындағы өкілдігінің басшысы З.Әміршахи, аймақтық Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы А.Чупони, сондай-ақ бейнеконференция форматында қатысқан Иранның Қазақстандағы Елшісі ССабер болды
Қазақстан Елшісі Асхат Оразбай өз сөзінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, жүргізілген реформалар, ішкі саяси өзгерістер, 30 жыл ішінде жүзеге асырылған сыртқы саяси бастамалар,
сондай-ақ Қазақстан-Иран қатынастарының дамуындағы нәтижелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Мемлекеттіңбарлық сәттілігіне қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқанқалған спикерлер де Қазақстанның жас және тәуелсіз мемлекет болуына қарамастан оның жетістіктерін және екі ел арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудағы үлкен нәтижелерді жоғары бағалады. Елдің тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген Қазақстанның әлемдік аренадағы жоғары беделіне ерекше тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар 30 жыл ішінде жүргізілген экономикалық реформаларға және соның арқасында жас республика Орталық Азияның көшбасшысына айналғанына жоғары баға берді.
Қазақстанның зор әлеуетін атап өткен спикерлер онымен көптеген бағыттар бойынша, мемлекетаралық және аймақаралық деңгейде ынтымақтасуға жоғары қызығушылық білдірді.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылардың назарына Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін паш еткен бейнефильм, қазақ күйлері, сондай-ақ ұлттық қазақ киімдері ұсынылды.