Тарихи трагедияларды объективті түрде зерттеу маңыздылығы

Тарихи трагедияларды объективті түрде зерттеу маңыздылығы

     31 мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі жарлығына сәйкес жыл сайын атап өтілетін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

   Репрессия жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам қамалды. 1920-1953 жылдар аралығында тек Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, сотталды, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасынакесіліп, атылды

  1928 жылы 44 «буржуазиялық ұлтшылдар» қамауға алынды, олардың арасында көрнекті қайраткерлер Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов және басқалар болды. 1930 жылы қыркүйекте Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев және басқалары қамауға алынды. Олардың бір бөлігі Ресей территориясына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937-1938 жылдары атылған.

    Репрессия құрбандарының қатарында Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр Досов, Смағұл Садуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфулли, Санжар Асфендияров сияқты саяси және мәдени қайраткерлер болды.

    Сталин жүргізген саясат бойынша Кеңес одағы осы қайраткерлердің барлығын «халық жауы» деп атады және атты. Бұл қайраткерлер Кеңес одағы ыдыраған соң толық ақталды.

    Қазір Қазақстанда көптеген қалалардағы көшелер мен мемлекеттік мекемелер осы қайраткерлердің атымен аталады. Олардың еңбектерін ғалымдар зерттейді және мектеп оқушылары мен студенттер оқиды. Елде олардың құрметіне мемориалдар мен ескерткіштер орнатылды.

    Қазақстанның астанасында 2012 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап ескерткіш ашылды. Монументалды мүсін халықтың шеккен азап-қайғыларарын еске түсіреді.

  Ескерткішті орнату идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екенін атап өткен жөн. «Ұжымдастыру қатыгез эксперимент болып шықты, ол ауылдың ежелгі өмір салтын жойды, біздің жердегі көшпелі өркениеттің мыңжылдық негіздері бұзылды. Мұның бәрі миллиондаған адамдардың азап шегуіне әкелді. Ашаршылық және оның қорқынышты салдары кеңестік кезеңнің ірі гуманитарлық апатына айналды», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ескерткіштің ашылуында.

                           ХХ ғасырдың басында Қазақстанда екі кезеңде үлкен аштық болды.

     Аштықтың алғашқы кезеңі - 1921-22 жылдар. Бұл кезеңде, өлім-жітімнің күрт күшеюі және халықтың аштықтан жаппай кетуі нәтижесінде Қазақстан халқы 1 миллион адамға қысқарды.

    Аштықтың екінші кезеңі – 1932-33 жылдар. Ашаршылыққа Мәскеудің «кулактарды тап ретінде жою», ұжымдастыру, азық-түлік сатып алу жоспарын көбейту, сонымен қатар, малды тәркілеу жөніндегі ресми саясаты себеп болды. Қазақстанда бұл аштықты «Голощекин аштығы» деп те атаған.

     Қазақстандық демограф М.Тәтімов қазақ халқының шығындарына тоқталып, осы кезде 2 миллион 20 мың өлген және 616 мың адам қоныс аударды дейді. Тарихшы Х.Асылбеков бұл кезеңде 2,5 миллион адам өлтіріліп, 616 мың адам қайтарымсыз түрде көшіп кеткенін дәлелдейді (барлығы - 3,116 мың адам).

   Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Х.Әбжанов былайша дерек келтіреді: «Ашаршылық кем дегенде 3 миллион қазақтың өмірін қиды. Оның келтірген деректері бойынша, жергілікті тұрғындардың алтыдан бір бөлігі тарихи Отанынан мәңгілікке кетіп қалды. Республика халқының 82% құраған 1897 жылғы 3,5 миллион қазақтан 1939 жылға қарай 2,3 миллионы ғана қалды, олардың республика тұрғындарындағы үлесі 38% -ға дейін төмендеді».

  Алайда, тарих ғылымдарының докторы, ресейлік профессор А.Н.Алексеенко қазақ халқына келтірілген зарар туралы кейбір мәліметтер асыра сілтенген деп санайды. Осы орыс ғалымының есептеулері бойынша, «... қазақ халқының шығыны 1 миллион 840 мың адамнан аспады немесе 1930 жылғы қазақ этносының 47,3%.-ын құрады. Республиканың солтүстігіндегі қазақтар ең көп зардап шекті. Олардың мұндағы шығыны 879,4 мың адамды немесе 1930 жылғы осы аймақтағы қазақ халқының 74,5%-ын құрады. Шығыс Қазақстанда қазақ этносы өкілдерінің жартысынан көбі қырылған, яғни 410,1 мың адам немесе өңір халқының 52,3%-ы. Батыс Қазақстан 394,7 мың қазақты немесе халықтың 45,0% -ын жоғалтты, Оңтүстік Қазақстан 632,7 мың адамнан немесе аймақтағы қазақтардың 42,9% -ынан айрылды...».

      Түрлі зерттеулер мен болжамдар бойынша, ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қуғын-сүргін мен жаппай аштықтан шамамен 3,5-4 миллион қазақ немесе қазақ халқының 60-65%-ы қырылғанын көруге болады.

      ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында (2021 ж. 5 қаңтар) Қазақстандағы жаппай ашаршылық әлі жан-жақты зерттелмегендігін және мемлекет оның зардаптарын бағалауы керек», - деп атап көрсетті.

   Қ.Тоқаев жоғарыда аталған мақаласында: «1921-1922 жылдардағы миллиондаған қазақтардың өмірін жалмаған жаппай аштықтан бері 100 жыл өтті. Егер осы апатқа байланысты жаппай өлім болмаса, біздің халқымыздың саны қазіргіден әлдеқайда көп болар еді ». Шынында да, кейбір ғалымдар ХХ ғасырдың басындағы аштық болмаса, қазіргі кезде Қазақстан халқы кем дегенде 50 миллион адам болар еді деп есептейді.

    Қазақстан Президенті сарапшылардың мәліметтері негізінде аштықтың салдарын мемлекеттік деңгейде бағалау қажет деп санайды. «Біз бұл маңызды мәселеге дәйекті және жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жалпы, тарихи зерттеулер ұрандарсыз және дабырасыз таза ғылыми әдістермен жүргізілуі керек », - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

    Қазақстандағы тарихи шындықтарды, адамзатқа қарсы қылмыстарды ашып, зерттеу тәуелсіздік алғаннан кейін мүмкін болып отыр.

  Тұтастай алғанда, тарихты объективті түрде зерттеу, тарихи трагедиялардың себептері мен салдарларын ашып көрсету болашақта адамзатқа қарсы қылмыстарды және белгілі бір халыққа қарсы геноцидтерді қайталамас үшін маңызды болып саналады.