Ақтөбе облысының туристік әлеуеті

Ақтөбе облысының туристік әлеуеті

 

 Ақтөбе облысының географиялық орналасуы қолайлы. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар тас жолы өтеді және Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі Әлия Молдағұлова атындағы «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» орналасқан.

   Келу туризмін дамыту мақсатында өңірдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасымен таныстыратын имидждік бейнероликтер әзірленді. Бейнероликтер әлеуетті туристерді өңірдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасымен таныстырады. Олардың ішінде ең маңыздылары: XIV ғ. «Абат Байтақ» кесенесі, Ұлы Жібек жолының мұрасы – «Керуен сарай» кешені, белгілі қазақ батырлары Әбілқайыр хан, Есет Көкіұлы, Қобыланды батыр кесенелері, «Ақтолағай» таңғажайып бор таулары, «Барқын» құмдарының арасындағы ерекше қарағай орманы, сондай-ақ «Жаманшың» бірегей метеориттік кратері.

    Ақтөбе облысының туристік әлеуеті туралы толық ақпаратты өңірдің visitaktobe.kz туристік порталынан алуға болады.

https://drive.google.com/drive/folders/1THILi8w_gn3yuU7AEyJfQTE4wWEl7i7P?usp=sharing