
2021 жылғы 11мамырда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Сыртқы істер министрлігі Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму департаментінің Бас директоры Мохсен Эспери мырзамен кездесті.
Бұл басқосуда екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, 2009 жылы Алматы қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен халықаралық ұйым ретінде құрылған Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) аясындағы мәселелер талқылынды.
М.Эспери ирандық тараптың ОАӨАҮО-ның рөліне оң баға беретінін және оның нәтижелі қызметін толықтай қолдайтынын, сондай-ақ бұл Ұйымды сақтап қалуды жақтайтынын жеткізді.