
«BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының хабарлауынша, қазақстандық және шетелдік мүмкіндіктері шектеулі дарынды балаларға арналған «Жұлдызай-21» халықаралық онлайн фестиваль-байқауы өтеді.
Фестиваль-байқауға 10-18 жас аралығындағы балалар вокал, хореография, аспаптарда ойнау, ишарамен ән айту сияқты 4 номинация бойынша қатысады. Конкурс жеңімпаздары ү.ж. 10-30 мамыр аралығында «Балдәурен» республикалық оқу орталығында (Бурабай курорты) өтетін гала-концерт барысында марапатталатын болады.
Байқауға қатысуға қызығушылық білдірушілердің «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының мүшесі А.Сәлімбаевамен meil-salimbayeva_a@bi.group электрондық поштасы немесе 87015203103 нөмірі арқылы хабарласуына болады.