Қазақстан үкіметі азаматтық қоғаммен байланысты кеңейтуге бел буды

Қазақстан үкіметі азаматтық қоғаммен байланысты кеңейтуге бел буды

Үсен Сүлеймен

    Биыл Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Біз соңғы үш онжылдықта ұзақ жолдан өттік. Біздің экономикамыз Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейді және біздің саяси үдерістеріміз адам айтса нанғысыз сипатта өзгерді.

     Азаматтық қоғамның өсуі, әсіресе үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) санының артуы Қазақстан дамуының маңызды элементі болды. 1990 жылдардың басында Қазақстанда 400-ге жуық ҮЕҰ болғанына сену қиын. Әңгіме бүгінде әлдеқайда өзгеше. Қазіргі уақытта Қазақстанда белсенді тіркелген ҮЕҰ саны 40 есе өсіп, 16000-ға жетті. Олардың көбісі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау саласында немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты мәселелерде жұмыс істейді.

   Бұл динамиканы, әлбетте, құптауға лайық. Дамыған азаматтық қоғам - кез-келген заманауи және гүлденген мемлекеттің негізі. Бұл тиімді диалог алаңын, сондай-ақ үкімет пен қоғам өкілдері арасындағы байланыс көпірін құрады.

    Сондықтан, Қазақстан үкіметі ҮЕҰ-ны, оның ішінде қаржылай белсенді қолдауды жалғастырды. 2020 жылы 1,8 миллиард теңгеге (4,3 миллион АҚШ долларынан астам) гранттар берілді. Қаржының көп бөлігі балалар мен жастардың әл-ауқаты мен дамуына байланысты жобаларды қолдауға бағытталды. Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруды қоса алғанда, азаматтық қоғамның тікелей дамуына ықпал етуге шамамен 305,4 миллион теңге (740 000 доллар) бөлінді.

      Үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенімен, біз, әрине, ҮЕҰ өркендеуі үшін кеңістікті одан әрі дамытуды жалғастыру керектігін түсінеміз.

      Осы себепті, үкімет бұл іске белсенді түрде қызығушылық танытады. 2003 жылдан бастап мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы диалогты қамтамасыз ету алаңы ретінде жұмыс ісиейтін Азаматтық форум біздің астанада үнемі ұйымдастырылып келеді. Былтыр қарашада өткен тоғызыншы Азаматтық форум министрліктердің басшылары мен ҮЕҰ өкілдері арасында 12 виртуалды кездесу өткізуді ұсынды. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамытудың жаңа тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын, сондай-ақ үкіметтің жұмысын қоғамдық бақылау тетіктері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ басқа да тақырыптарды талқылады.

      Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді ынтымақтастықтың тағы бір маңызды құралы - 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен үкімет пен парламент өкілдерімен адам құқығы және демократиялық реформалар мәселелері бойынша тікелей диалог жүргізу, ҮЕҰ мүмкіндіктерін одан әрі шоғырландыру үшін құрылған «Адами өлшем бойынша диалогтық тұғырнама» консультативтік-кеңесу органы.

     Отырыстар тоқсанына бір рет менің төрағалығыммен, оған ҮЕҰ өкілдері, парламент мүшелері, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің және тиісті министрліктердің өкілдері, сондай-ақ біздің халықаралық серіктестеріміз, соның ішінде БҰҰ Даму бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Кеңсесі, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ, шетелдік дипломатиялық миссиялар, USAID, Халықаралық қылмыстық-атқару жүйесі және т.б. қатысуымен өтеді.

     Бұл алаңның өзектілігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жариялауымен едәуір арта түсті, бұл, үкіметтің адам құқығы және елдегі саяси процестерді одан әрі демократияландыру аяснда азаматтық қоғаммен байланысына және 2019 жылдан бастап осы саладағы реформалардың үш пакетін жүзеге асыруға күш салып келе жатқанын білдіреді.

     Ашық және мөлдір пікірталас арқылы платформа қызметі жүйелік проблемаларды анықтау, сондай-ақ бірлескен шешімдерді іздестіру мақсатында қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ-лармен бірлесіп жұмыс жасау үшін маңызды болды. Біздің кездесулер БҰҰ конвенциялық комитеттерінің Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді жүзеге асыруы бойынша ұсыныстарын талқылау үшін пайдалы келісімді қамтамасыз етеді.

     Диалог платформасында мұқият қаралған және жаңа заңнамалық актілер қабылдаған екі мәселеге мысал келтірейін. Бірі - Қазақстандағы бейбіт жиындар туралы жаңартылған заң. Өткен жылдан бастап осындай жиындар өткізгісі келетін ҮЕҰ-лар немесе басқа да топтар рұқсат алу үшін өтініш берудің орнына, бұл туралы іс-шарадан бес күн бұрын жергілікті билікке хабарлауы керек. Тағы бір мысал, былтырғы жылы елдің Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша жала жабу енді қылмыстық жауапкершілік деп қарастырылмайды. Бұл екі тақырып та Диалог платформасының кездесулерінде үнемі және қызу талқыланды.

    Мұндай платформаның қажеттігі осы жылдың басында, әсіресе, қазақстандық азаматтық қоғам мүшелері салық органдарының тексерулерінен кейін бірнеше ҮЕҰ қызметін тоқтату туралы мәселе көтерген кезде айқын болды. 2021 жылдың 26 ​​қаңтарында өткен жиналыста тоқтатылған ұйымдарға жоғары тұрған салық органдарына жүгініп, шешімге қарсы шағымдану туралы ұсыным жасалды. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұл мәселені өз бақылауына алатынына сендірді.

      Салық органдары мұқият тексеруден кейін, небәрі бір аптадан соң, 3 ақпанда, зардап шеккен ҮЕҰ-ларға тағылған барлық айыптар алынып тасталды және олардың қызметін тоқтату туралы шешімнің күші жойылды. Бұл жағдай үкімет пен азаматтық қоғам үшін нақты байланыс жолдарының болуы неліктен соншалықты маңызды екенін көрсетті. Адами өлшемге арналған диалогтық платформасыз және азаматтық қоғам мен Қазақстан үкіметі арасындағы ашық сұхбаттарсыз ҮЕҰ қызметін тоқтата тұру мәселесі бұлай тиімді шешілмес еді. Осы жағдайдан кейін сабақ алу керек екені сөзсіз, бірақ мен азаматтық қоғам мен біздің үкімет арасындағы келісім қазіргі уақытта нақты және практикалық тұрғыда екенін біршама сенімділікпен айта аламын деп ойлаймын. Әрине, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз.

      Өткен жылы Президент Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Оның мақсаты - мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік жүйесін нығайту, сондай-ақ Қазақстанда бұдан әрі қарайғы саяси қайта құрулар мен жаңғыртуларға жағдай жасау. Бізде осы бағытта тұрақты түрде іс-қимыл жасау үшін берік негіз бар деп санаймын.

 

Үсен Сүлеймен, ҚРазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі