Қазақстанның Елшісі Иранның Ішкі істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Иранның Ішкі істер министрінің  орынбасарымен кездесті

    2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Оразбай Иран Ислам Республикасы Ішкі істер министрінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп жөніндегі орынбасары Хоссейн Золфәғаримен кездесті.

  Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.