
Қазақстанның Ирандағы елшілігі жанындағы №252 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын сайлау өтіп жатыр.
Дауыс беру үдерісі сайлау туралы заңнамалық актілер мен нұсқаулықтар нормаларына сәйкес жүзеге асуда.
Осы кезге дейін аталған учаскеде сайлау барысында өрескел құқық бұзушылық деректері тіркелмеді.
Қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың көп бөлігі осы сайлау учаскесіне келіп, өздерінің конституциялық құқығы бойынша дауыс берген.
Дауыс беру үдерісі бүгін сағат 20:00-де аяқталады деп көзделуде.