
2021 жылғы 10 қаңтарда таңғы сағат 07:00-де Қазақстанның Ирандағы елшілігі жанындағы №252 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының әнұранымен салтанатты түрде ашылды.
Сайлаушылар үшін осы сайлау учаскесінде қойылған стендтерде «Адал», «Ақжол», «Ауыл», «Нұр-Отан» партияларының және «Қазақстан халық партиясының» бағдарламалары туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлеген мәліметтер, дауыс беру тәртібі, сайлау бюллетенін дұрыс белгілеу, сайлау тәртібін бұзушылықтың құқықтық салдарлары, санитарлық-қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі және т.б. ақпараттар ілінді.
Сонымен қатар, Иранда жұмыс істеп жүрген Қазақстанның азаматтары (кеншілер) үшін заңнамаға сәйкес олардың өтініштері негізінде сайлау учаскесінен тыс жерде (ИИР Күрдістан провинциясының Горбе елді мекеніне жақын жерде, Тегераннан шамамен 450 шақырым қашықтықта) сайлау өткізілуде.
Сайлау учаскесіндегі эпидемологиялық сақтық шаралар қатаң қадағалануда. Учаскеге сайлаушылардың ыстығы тексеріліп, кезекпен кіргізілуде. Дауыс беру кезінде арақашықтықты сақтау, топтануға жол бермеу, бетперде тағу, залалалсыздандыру құралдарын пайдалану талаптарының орындалуы қатаң бақылауға алынған.
Дауыс беру бүгін сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін учаскеде берілген дауыстар саны саналып, нәтижесі жарияланатын болады.