
Құрметті сайлаушылар!
2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау науқанының шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 10 желтоқсанда партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеді, барлығы 312 кандидат: «Ауыл» Халықтық Демократиялық Патриоттық партиясы 19 адамнан; «НұрОтан» партиясы 126 адамнан; «АДАЛ» саяси партиясы 16 адам; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 38 адам; «Қазақстанның халықтық партиясы» 113 адамнан тұрады.
Елшіліктің сайтында сайлауға қатысатын саяси партиялар, олардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен кандидаттарына жасалған сілтемелер кестесімен танысуға болады.
Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімдерінде тіркелгеніңізді Елшілікке (консулдыққа) 22565933 телефоны арқылы және tehran@mfa.kz электрондық поштасы арқылы хабарласу арқылы тексеруге болатындығын еске саламыз.
Иранда уақытша жүрген Қазақстан азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда Тегеран, Дәррус, Хедаят, 83, бұрыш. ст. Мәсджед мекенжайындағы №252 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.