«Техран таймс» газетінің бас редакторымен кездесу туралы

«Техран таймс» газетінің бас редакторымен кездесу туралы

     2020 жылғы 16 қарашада Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай ағылшын тілінде басылатын жетекші «Техран таймс» газетінің бас редакторы Али Джанабзадемен кездесті.

   Кездесу барысында тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстандағы маңызды саяси, экономикалықжәне мәдени іс-шараларды уақтылы әрі сапалы түрде баспасөзде жариялау мәселесін талқылады. Сонымен қатар, А.Оразбай бас редакторды Елшілік ұйымдастыратын мәдени іс-шаралар мен пресс-конференцияларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

    Өз кезегінде, А.Джанабзаде «Техран таймс»-тың Ирандағы ағылшын тілде басылатын жетекші әрі беделді газет екенін, сонымен қатар 1979 жылы Ислам Революциясының жеңісінен кейін жарық көрген бірінші баспасөз екенін атап өтті. Ол өзара қарым-қатынасты жандандыруға дайын екенінмәлімдеп, алдағы уақытта әр түрлі салалардағы, соның ішінде баспасөз саласындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.