
2020 жылғы 15 қарашада Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің бас директоры Р.Нәджәфимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалығының басымдықтары, 2020 жылғы 27-28 қарашада Ниамей қаласында (Нигер Республикасы) ИЫҰ СІМК 47-ші сессиясы кезінде болатын ИЫҰ Бас хатшысы лауазымына сайлау жөнндегі мәселелерді талқылады.