Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

   2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі жанындағы №252 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беру өтеді.

   Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

      Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

   Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі жанындағы №252 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

    Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Иран аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері)(e-mail) электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберуі қажет.

   Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі байланыс құралдарына хабарласуды сұраймыз:

- телефон:+982122565371;

- телефон: +982122565933;

- факс: +982122546400;

- e-mail: tehran@mfa.kz.