
2020 жылғы 2 қарашада Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Сыртқы істер министрлігінің Еуразия департаментінің бас директоры Әлиреза Хағиғианмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2020 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың көшбасшылық феномені» атты халықаралық конференцияға ИИР Президенті Х.Руханидың қатысуына жөніндегі мәселелерді талқылады.