
2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында консулдық консультациялардың тоғызыншы отырысы бейне конференция арқылы өтті. Қазақстандық делегацияға ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Б.Ақатаев, ирандық делегацияға ИИР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры М.Адиб төрағалық етті.
Өткізілген іс-шара күн тәртібінде тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар өзара консулдық-құқықтық және визалық қатынастар, оның ішінде екі ел аумақтарындағы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін жан-жақты талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды, құжатта кездесу барысында консулдық саладағы байланысты дамыту туралы қол жеткізілген уағдаластық көрініс тапқан.
ҚР мен ИИР арасындағы консулдық консультациялардың сегізінші отырысы 2018 жылы 13-14 қарашада Тегеран қаласында өткен болатын.