
2020 жылғы 21 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Оразбай ИИР Ислам кеңесі мәжілісінің жаңа 11-шақырылымының ИИР-ҚР парламенттік достық тобының төрағасы Ғоламреза Нури Ғезелджемен кездесті.
Кездесуге аталған топтың бірқатар мүшелері қатысып отырды.
Тараптар түрлі салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықтың, соның ішінде парламентаралық қарым-қатынастардың қалыпты дамып келе жатқанына тоқталды.
Кездесу барысында ИИР Мәжілісі жаңа шақырылымының аталған топ мүшелерінің қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екені, осы орайда парламентаралық өзара байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығы атап өтілді.