
2020 жылғы 4 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай
Иранның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Ходжатоллаһ Аюбимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ү.ж. 19 қазанда Қазақстан мен Иран бірлесіп өткізуі жоспарланып отырған Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған «Жібек жолындағы өркениеттер үндестігі» атты халықаралық онлайн форумына Иран Ислам Республикасы Үкімет мүшелерінің және академиялық топтар өкілдерінің қатысуы және өзара ынтымақтастықтың өзге де мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде, іс-шараға Иран тарапы жоғары деңгейде қатысатыны және ЮНЕСКО-ның қатысуына Ислам Республикасы қолдау көрсететіндігі расталды.