Қазақстан Елшісінің Иран Сыртқы істер министрлігінің Қоғамдық дипломатия жөніндегі бас директорымен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Иран Сыртқы істер министрлігінің Қоғамдық дипломатия жөніндегі бас директорымен кездесуі туралы

   2020 жылғы 29 қыркүйекте Ирандағы ҚР Елшісі Асхат Оразбай Иран Сыртқы істер министрлігінің Қоғамдық дипломатия жөніндегі бас директоры Әлиреза Делхошпен кездесті.

        Кездесу барысында Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған «Жібек жолындағы өркениеттер үндестігі» атты тақырыбымен Қазақстан мен Иранның бірлескен бастамасы ретінде Халықаралық онлайн форумын
ү.ж. 19 тамызда өткізу бойынша мәселелер талқыланды.

         Сонымен бірге, Елші Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің Ақтарушы комитетіне 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстанның кандидатурасына Иран Ислам Республикасының қолдауын табу мүмкіндігін талқылады.