Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі

    Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде консулдық есепке тұра алады.

  Шетелдік мекемеде есепке тұру шетелде болу мерзіміне және мақсатына қарамастан ерікті түрде орнатылады. Сонымен бірге, тіркеуге тұру фактісі немесе оның болмауы азаматқа қатысты ешқандай құқықтық салдарды келтірмейді.

      Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

- шет елдерде форс-мажорлық жағдайлар, әскери іс-қимыл, дүлей апат және т.б. жағдайлар пайда болуына орай Қазақстан Республикасының азаматтарына уақтылы көмек көрсету;

- болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.

   Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысына сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

 Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет берілусіз жүзеге асырылады.

       Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша еркін түрде жасалған есепке қою туралы анықтаманы береді.

      Есепке тұру үшін өтінішті осы сілтеме арқылы жібере аласыз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeQJ-lJJtsBJuYJCpzc_sWpNWDqCesJLCw32QKEi9Ds51BWfw/viewform?usp=sf_link к данной ссылке

    Өтініш берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтарына арналған қызметтер
Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары