Меню

Страницы

Статья

Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Иранға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Иран арасында визасыз тәртіп орнатылған.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап «14» күнтізбелік күнді, «180» күнтізбелік күн ішінде барлығы «42» күнтізбелік күнді құрайды.
  • Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: паспорт.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

         Иранға әкелуге тыйым салынған тауарлардың тізімі:

  • - алкогольдік сусындар;
  • - шошқа етінің кез келген түрі;
  • - жарылғыш заттар;
  • - азарттық ойындар (қарта ойнау, лото және т.б.)!
  • - есірткі заттары;
  • - Иранның діни немесе ұлттық құндылықтарына қайшы келетін баспа материалдары, фильмдер мен фотосуреттер.

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Вакцинацилау міндетті емес.

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Шариғат заңдары мен исламдық Иранның дәстүрлеріне сәйкес, қоғамдық орындарда әйел «хиджаб» исламдық киімінің нормаларына сәйкес киінуі керек: денесі мен шашы жабылуы керек (дененің көрінісі жасырын болуы керек), бет пен қол ашық болуы мүмкін. Бұл ережені сақтамау теріс қылық болып саналады, ол үшін қатаң жаза қарастырылған.
    Орамал - әйелдер киімінің маңызды атрибуты. Әйелдерге шалбарды ашық түсті ұзын, кең сыртқы киіммен үйлестіре киюге рұқсат етіледі.
    Ерлерге спорттық киіммен немесе қысқа киіммен (мысалы, шорт) қоғамдық орындарға шығуға тыйым салынады.
    Әйелдермен қол алысуға, оларға тиісуге, әдепсіз қимылдар жасауға, әзіл-қалжың айтуға, әдепсіз мазмұндағы суреттер мен ашық хаттарды көрсетуге қатаң тыйым салынады.
    Бұл ережелер көшеде ғана емес, қоғамдық орындарда – мейрамханаларда, дүкендерде, мекемелерде, қоғамдық көліктерде сақталуы тиіс.

Пайдалы ақпарат:

  • ИИР-дегі ақша номиналы – ирандық риал. Тегеранда, сондай-ақ елдің басқа қалаларында АҚШ долларын риалға айырбастауға болатын айырбастау пункттерінің дамыған желісі бар.
    Айта кету керек, Ирандағы жалғыз валюта риал болса да, есептеулерде 10 риал мөлшерін білдіретін «томан» термині жиі қолданылады. Баға белгілерінде тауардың құны риалмен де, томанмен де көрсетілуі мүмкін. Осыған байланысты сатып алу бағасын білу кезінде мұқият болу керек.
    • Мобильді карталарды алдын ала орнату – Google карталары.
    • Электрондық төлем жүйелерінің мүмкіндіктері – Иранда жаһандық төлем жүйелері өшірілген.
    • Банк карталарының ерекшеліктері – Shetab ұлттық төлем жүйесі.
    • SIM картасын сатып алу үшін паспорт қажет немесе роуминг байланысы жұмыс жасайды.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтарына арналған қызметтер
Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары