Қазақстан мен Иран арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға 1992 жылы 29 қаңтарда Алматыда қол қойылды. 1992 жылғы 2 қарашада Тегеранда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иранға ресми сапары кезінде екі мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы декларация екіжақты Қазақстан-Иран ынтымақтастығын орнатудың негізгі халықаралық актісі болды.
Екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі келісімдер мен міндеттемелерді іс жүзіне асыру мақсатында Қазақстан мен Иран тараптары 1992 жылғы 2 қарашада Тегеранда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия құру туралы хаттамаға қол қойды. Осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес үкіметаралық комиссиялардың отырыстары жыл сайын тараптардың астаналарында кезекпен өткізіледі.
Дипломатиялық қатынастар мен екіжақты ынтымақтастық туралы негізгі халықаралық шарттардың тізібесі:
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттама. 29.01.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 31.10.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Президенттерінің бірлескен коммюникесі. 31.10.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы декларация. 02.11.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия құру туралы хаттама. 02.11.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар туралы декларация. 06.10.1999 г. ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Президенттерінің бірлескен мәлімдемесі. 09.09.2014 ж. қабылданды.
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Иранның Сыртқы істер министрлігі арасындағы бес жылдық бағдарлама. 09.09.2014 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
- Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы. 09.09.2014 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
Қазақстан мен Иран арасында 60-тан астам келісімдер мен шарттарға қол қойылған.