Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы нормативтік-құқықтық құжаттар тізбесі

     Қазақстан мен Иран арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға 1992 жылы 29 қаңтарда Алматыда қол қойылды. 1992 жылғы 2 қарашада Тегеранда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иранға ресми сапары кезінде екі мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы декларация екіжақты Қазақстан-Иран ынтымақтастығын орнатудың негізгі халықаралық актісі болды.

    Екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі келісімдер мен міндеттемелерді іс жүзіне асыру мақсатында Қазақстан мен Иран тараптары 1992 жылғы 2 қарашада Тегеранда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия құру туралы хаттамаға қол қойды. Осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес үкіметаралық комиссиялардың отырыстары жыл сайын тараптардың астаналарында кезекпен өткізіледі.

     Дипломатиялық қатынастар мен екіжақты ынтымақтастық туралы негізгі халықаралық шарттардың тізібесі:

  1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттама. 29.01.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  2. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 31.10.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  3. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Президенттерінің бірлескен коммюникесі. 31.10.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  4. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы декларация. 02.11.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  5. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия құру туралы хаттама. 02.11.1992 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  6. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар туралы декларация. 06.10.1999 г. ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  7. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Президенттерінің бірлескен мәлімдемесі. 09.09.2014 ж. қабылданды.
  8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Иранның Сыртқы істер министрлігі арасындағы бес жылдық бағдарлама. 09.09.2014 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.
  9. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы. 09.09.2014 ж. қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

      Қазақстан мен Иран арасында 60-тан астам келісімдер мен шарттарға қол қойылған.

Дата публикации
12 апреля 2020
Дата обновления
12 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтарына арналған қызметтер
Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары