Меню

Страницы

Статья

Абай Құнанбайұлы

     Абай Құнанбайұлы - ақын және философ, 1845 жылы 22 тамызда Семей облысында дүниеге келді. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.

  Оның әкесі Құнанбай, қазақ ақсүйектерінің, билеушілерінің бірі болған. Абай ислам мектептерінде, атап айтқанда Семей қаласындағы Ахмед Реза медресесінде білім алып, араб тілі мен ислам пәндерін оқыды. Сонымен қатар, ол осы кезеңде түрік және парсы әдебиеттерімен танысқан.

   Абай орыс мектебіне де барды. Әкесі ұлын ел басқару ісінен көргісі келді, бірақ Абай саясатты қош көрмей, ғылым мен өзін-өзі тәрбиелеуге бет бұрды. Біраз уақыттан кейін Абай өз еліндегі ең білімді адамдардың бірі болып, орыс, араб, парсы, түрік және татар тілдерін толық меңгерді.

      Абай дәстүрлі ислам-қазақ мәдениетіне бейімділігіне қарамастан, Батыс әдебиетінің құнды туындыларынан бас тартқан емес. Ақын Батыс данышпандарының еңбектерімен, әдебиетімен, өнері мен философиясымен таныс болған. Ол бала кезінен өлең жаза бастаған. Бірақ қырық жасқа толғанда ол бірінші рет өз атын «Жаз» өлеңінде жария етті (бұған дейін ол өлеңдерін досы Көкпайдың атымен жариялап келді). 

     Поэтикалық стиль тұрғысынан алғанда, Абайға жалпы қазақ, Батыс және ислам әдебиеттері қатты әсер еткен, оның өлеңдерінде оған дейін қазақ поэзиясында кездестірілмеген жаңа формаларды байқауға болады. Абайдың әдеби шығармалары дүниежүзінің көптеген халықтарының тілдеріне тәржімаланған.

         Абайды одан кейінгі әдебиетшілер мен қаламгерлердің буындары пір тұтты. Мәселен, ұлы жазушы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазып шығып, Абайдың қазақ мәдениеті мен тарихындағы орны биікте екенін айқындап берді. Бұл романды парсы тіліне Е.Асғарзаде аударған.

    Көзі тірісінде Абайдың тек бірнеше өлеңдері жарық көрді, 1896 жылы ғана ол әр түрлі формада ауызша түрде ел арасына тараған өлеңдерін жинақтады.

     Абайдың алғашқы кітабы 1909 жылы Санкт-Петербургте оның ұлы Тұрағұл мен ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан (Алаш Орда ұлттық партиясының негізін қалаушы) шығарды.

      Абай поэзиясы - түрлі элементтердің күрделі тіркесімі. Оның өлеңдерінде өте нәзік халық нақылы, діни идеялары мен әндері, өлеңдерінің әсемдігі көрсетілген.  Пушкиннен, Лермонтовтан, Крыловтан аударған шығармалары әдебиет жауһарларына айналды.

    Ол «Татьянаның хатын» (Пушкиннің «Евгений Онгин» поэмасы) орыс тілінен қазақ тіліне аударып, оған ән шығарды. Бұл ән қазақ халқының арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.

       Ақын Абай Құнанбайұлы 1904 жылы дүниеден озды.

Дата публикации
03 января 2020
Дата обновления
03 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтарына арналған қызметтер
Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары