Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Т.Оразбай 2019 жылғы 15 қыркүйекте Құм қаласына іссапармен барып, Ислам ғылымы және мәдениеті академиясының президенті Н.Лакзаиимен және өзге де басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Академияның ғылыми жұмыстары, соның ішінде философ-ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби шығармаларын зерттеу еңбектері таныстырылды.
Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы ғылым және білім салаларындағы байланыстарының, сондай-ақ осы мекеменің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату, соның ішінде Әл-Фараби мұраларын бірлесіп зерттеу перспективаларының мәселелері талқыланды.
Іссапар барысында Елші Ислам ғылымы және мәдениеті академиясы жетістіктерінің көрмесіне барып, Құран кітапханасының мұраларымен танысты.
Осы басқосуда Елші Елбасының еңбектерін және Қазақстан туралы кітаптарды Академия кітапханасына сыйға тартты.