2019 жылғы 21 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі А.Оразбай ИИР Ғылым академиясының президенті Р.Ардаканимен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту, 2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанның шығыстанушы, философ, фарабитанушы ғалымдары мен таңдаулы профессорларынан құралған «Әл-Фараби ізімен» атты ғылыми экспедицияның Иранға сапарын, соның ішінде Тегеранда ИИР Ғылым академиясында ғылыми семинар ұйымдастыру, сондай-ақ доктор Р.Ардаканидың ғылыми мақалаларын қазақ және орыс тілдеріне аудару мәселелері талқыланды.