Меню

Страницы

Статья

ӘЛ-ФАРАБИ: ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

          Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында Арыс өзенінің Сырдарияға құятын ауданында орналасқан. Отырар оазисі, көшпелі даланың отырықшы егіншілікпен түйіскен жерінде, маңызды сауда жолдарының торабында еді, Арабтар жаулап алғаннан кейін Фараб округі деп атала бастады. Бұл берекелі өлкеде 870 жылы Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби дүниеге келді. Әл-Фарабидің толық аты-Әбу Наср Мұхаммед ибн Мухаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түрки.  Оның атының құрамындағы “Тархан” сөзі философтың дәрежесі биік руға жататынын көрсетеді, ал “әт-түрки” деген сөз тіркесі әл-Фарабидің шығу тегі бойынша түрік болғанын дәлелдейді.

         Әл-Фараби туралы аздаған өмірбаяндық мәліметтер бізге ортағасырлық авторлардың: Ибн Аби-Усайбианің «Дәрігерлер сыныптары туралы мәліметтер көздері», Әл-Кифти авторы болып табылатын «Ғалымдар мен даналықтар туралы хабарлар» және Ибн Халликанның «Атақты адамдардың қайтыс болған күндері және уақыт ұлдары туралы мәліметтер» атты шығармаларының арқасында жетті.

         Жас кезінде әл-Фараби сол кездегі қазыналарымен ең бай, кітаптар мен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші орын алатын (атақты Александриялық кітап қоймасынан кейінгі) Отырар кітапханасының қолжазбаларымен танысуға мүмкіндік алды. Мүмкін содан бері оның бойында білімге, танып білуге деген шөлдеген сезім ояна бастаған шығар. Жиырма жасар әл-Фараби білім іздеп туған жерінен кетіп, Таяу Шығысқа қарай бет алады. Оның мақсаты Бағдад, Дамаск, Каир, Алеппо және т. б. сияқты Араб халифатының зияткерлік және мәдени өмірінің ірі орталықтарына бару еді. Әл-Фараби ұзақ саяхаттардан кейін Дамаск қаласына қоныстанады, сол кезде басқарған сейф-ад-Даула бин Хамданидің ықыласы мен құрметіне ие болды. Нағыз данагөй ретінде әл-Фараби өзінің күнделікті трактаттарын және дана әңгімелерін жазуды хауыздың жанында немесе саялы бақта өткізіп, өзіне тиісті ыңғайлы үстемдіктерді алды. Әл-Фараби 950 жылы сексен жасында қайтыс болып, Дамаскідегі Баб-ас-Сағир “патша зиратында” жерленді. Аңыз бойынша, билеушінің өзі төрт папирустағы дұғаны оқыған. Әл-Фараби өзінен кейін бай мәдени мұра қалдырды.

Дата публикации
23 июля 2020
Дата обновления
23 июля 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтарына арналған қызметтер
Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары