Екі мемлекеттің мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысы қарқынды даму үстінде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы мен мұрағат ұйымы арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты мәліметтерді жинау мақсатында Иранға келіп, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды зерттеуін жалғастыруда.
2017 жылғы тамыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ә.Мұхамедиұлы және Ұлттық өнер университетінің ректоры А.МұсаходжаеваныңИранға сапары ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және спорт министрі ирандық әріптесімен келіссөздер жүргізді, сондай-ақеліміздің туристік әлеуетін таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан түні» атты іс-шараға қатысты.
Соңғы жылдары еліміздің беделді жоғары оқу орындары Иранның жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Иранның Ш.Бехешти атындағы университеті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен А.Табатабаи атындағы университет, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Мазендеран, Гилян университеттері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті пен Азад Ислам университеті арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған. Олар студенттер мен оқытушылар алмасу,арнайы курстар өткізу мәселелерінде өзара әріптестікке ие.
Қазіргі таңдаИИР жоғары оқу орындарында Қазақстанның жеті студенті білім алуда.
2018 жылғы 26 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Иран Ұлттық кітапханасы мен мұрағатында «Қазақстан әдебиеті және мәдениеті» бұрышы ашылды, онда тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет бойынша 200-ға жуық кітап қойылған.
Сонымен қатар, Қазақстанға бірнеше рет ирандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің пресс-турлары ұйымдастырылды.
Екі елдің шығармашылық ұжымдарының өзара сапарлары жалғасуда. Осы ретте, ирандық көрермендер «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблінің Тегеранға сапарын өте жылы қарсы алды.
2020 жылы Қазақстанда аталып өтіп жатқан Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойлары аясында дала данышпандарының мұраларын Иранда насихаттау мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, ИИР Ғылым академиясының президенті Р.Ардаканимен, Ислам ғылымы және мәдениеті академиясының президенті Н.Лакзаиимен және өзге де мекемелердің басшыларымен кездесулер барысында Қазақстан мен Иран арасындағы ғылым және білім салаларындағы байланыстарды нығайту, соның ішінде Әл-Фараби мұраларын бірлесіп зерттеу перспективаларының мәселелері талқыланды.
Бұған қоса, қазақстандық ғалымдар мен тұлғалардың Абай, Фараби мен олардың мұраларына қатыстымақалалары парсы тіліне аударылды, сондай-ақ ирандық фарабитанушы ғалымдардың мақалалары қазақшаланды.
2022 жылы 19 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Иранның Рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездесуі барысында иран тарапы Фарабидің мұрасын зерттеу бойынша бірлескен комитет құру бастама көтерді.
Қазіргі уақытта осы комитет жұмыс істеуде.
Фарабидің мұрасын зерттеу мақсатында 2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Ә.Тойбаев Иран Президенті жанындағы Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының төрағасы М.М.Иманипурмен және ҚР ИИР Елшілігінің мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Т.Матинмен кездесті.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Н.Тағанұлы 2023 жылғы 15-16 ақпанда Иранның Горган қаласында өткен «Мәзхабтарды жақындастыру және Ислам революциясының екінші қадамындағы жаңа исламдық өркениет» атты конференцияға қатысты. Оның аясында Н.Тағанұлы Горган қаласындағы «Абу Ханифа» мешітінде Иранда тұратын қазақтармен кездесу өткізді. Бұл басқосу барысында Қазақстанның Бас мүфтиі осындағы қандастарды еліміздің өркендеуі мен халқымыздың тіршілігінде, әсіресе рухани өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістер туралы хабардар етті.
2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 20 жылдығына орай өткен Съезд хатшылығының кезекті ХХІ отырысына Иран тарапынан Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының басшысы доктор Али Акбар Зиани қатысты.