Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

      2019 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 380,3 млн. долл. құрап, 2018 жылға қарағанда 26,7 пайызға төмен болды. Экспорт 299,5 млн. долл. құрады (30,2 пайызға төмен), импорт 80,8 млн. долл. шамасында қалыптасты (9,9 пайызға төмен).

       2018 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналым 516,3 млн. долл. құрады (экспорт 426,8 млн. долл., импорт – 89,5 млн. долл.).

        2017 жылы бұл көрсеткіш 552,59 млн. долл. құрады (экспорт – 484,5 млн. долл., импорт – 68,04 млн. долл.), 2016 жылы – 596,4 млн. долл. (экспорт – 550,9 млн. долл., импорт – 45,6 млн. долл.), 2015 жылы – 635,2 млн. долл. құрады (экспорт – 565,5 млн. долл., импорт – 69,7 млн. долл.).

     ҚР-дың басты экспорт өнімдері – арпа, болат, бидай, ет, тыңайтқыштар болса, басты импорт өнімдері – цемент, бояулар, лактар, жеміс және кептірілген жемістер болып табылады. Екіжақты сауданың төмендеуі, ең алдымен, болу елінің банк секторын халықаралық жүйеден оқшаулаған Иранға қатысты кейбір қаржылық және экономикалық санкциялардың сақталуына байланысты болды.

    2007 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ираннан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 113,4 млн. АҚШ долларды құрады, Қазақстаннан Иранға құйылған олардың көлемі 11,1 млн. АҚШ доллардың шамасында қалыптасты.

     Қазақстанда ирандық капиталы бар 523 заңды тұлға мен компания филиалдары тіркелген, оның ішінде 229-шы қызмет атқарып жүргендер. 

   Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-ирандық үкіметаралық комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істеуде. ҮАК тең төрағалары –
       ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов және
       ИИР Ауылшаруашылық министрі К.Хавази болып табылады.
     ҮАК-тың 16-шы отырысы 2019 жылғы 26-27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Отырыстың шеңберінде ИИР Ауылшаруашылық министрі М.Ходжатиді ҚР Премьер-Министрі А.Мамин қабылдады.

     2016 жылғы ақпанда Тегеранда Қазақстан мен Иранның 600-ден астам компаниялары өкілдерінің қатысуымен екіжақты тарихында ең ірі бизнес-форум өтті.

         ҚР Тұңғыш Президентінің Иранға сапары барысында
(2016 жылғы 11-12 сәуір) ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен ИИР Өнеркәсіп, таукен және сауда министрлігі арасында Индустриализация, сауда-экономикалық және инвестиция ынтымақтастығы бойынша бағдарламаға қол қойылды. Құжатқа жалпы көлемі 1 млрд. АҚШ долларды құрайтын 30 жоба кірді. Бірақ АҚШ санкцияларының салдарынан оларды іске асыру барысы күрделенуде. Металлургия және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылық және азық-түлік, машина жасау, туризм, инженерлік-технологиялық ынтымақтастық және қаржы саласында 6 жұмыс тобы құрылды.

     Өзен (Қазақстан) – Гызылгая-Берекет-Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран) теміржол желісін пайдалану екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда ықпал етеді деп күтілуде.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты
сауда-саттықтың көлемі 528 млн. долларға жетіп, 2021 жылға қарағанда 19,8 пайызға артты. Осы ретте, қазақстандық экспорт 15,5 пайызға өсіп, 318 млн. долларды құрады. Сонымен қатар, импорттың көлемі 210 млн. доллардың шамасында қалыптасып, алдыңғы жылға қарағанда 26,8 пайызға ұлғайды.

2023 жылғы қаңтар-қараша ҚР мен ИИР арасындағы сауда айналымы  272,8 млн долларды құрады.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарлары Б.Сұлтанов (2022 ж. 19-22 ақпан мен 21-23 мамыр)  және С.Жұманғарин (2022 ж. 30 қазан – 2 қараша, 2023 ж. 3 желтоқсан) Тегеранға сапар шекті.

ҚР мен ИИР арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысы 2022 ж. 19-22 ақпанда Тегеранда, 18-ші отырысы 2023ж. 25-26 қаңтарда Астанада және 19-шы отырысы 2023ж. 2-3 желтоқсан Тегеранда өтті.

Қазақстанның Иранға 3 сауда миссиясы (2021ж. қазан, 2022ж. ақпан және 2022ж. маусым) ұйымдастырылып, оның нәтижесінде құны 300 млн. доллардан асатын коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды.

2019 ж. иран инвестициясы есебінен Жамбыл облысында  «KAZ IR Agro» ЖШС-ның мақсары май шығаратын май зауытын кеңейту бойынша жоба іске асырылды.

2022 ж. қарашада «IrKaz Metal Corporation» ЖШС ирандық  IMIDRO компаниясымен бірге Қарағанды облысындағы Борлы кенінде ирандық инвестиция есебінен (20 млн. долл.) катодты мыс шығаратын металлургиялық зауытты іске қосты.

2022 ж. «Сут Мастер-М» ЖШС ирандық «Заре Бидаки Акбар Хоссейни» компаниясымен бірге Жетысу облысында 600 ірі бас қара (голштин тұқымы) сүт фирмасын іске қосты. Инвестиция көлемі 2,4 млн. долларды құрады.

Қазақстан экономикасына тартылған ирандық инвестициялардың көлемінде оң үрдістер жалғасуда. ҚР Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылы Ираннан Қазақстанға келген тікелей инвестиция көлемі 32,4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың қорытынды көрсеткішімен салыстырғанда 23,7% пайызға жоғары. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 26,2 млн. долларға жетіп, 2020 жылға қарағанда 6,1 есе артты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары